Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  74


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Биік тауда күн суықта мығым боп...

Биік тауда күн суықта мығым боп,
Мызғымай тұр қатып қалған жарда мұз.
Қарап тұрсаң, кеше бар да, бүгін жоқ,
Өшіп қалар жаңа жауған қардағы із.
Жазған сөзді жоғалтпауға тап айла,
Адамзатқа болып тұр ғой сын нағыз.
Жағажайда отырғаннан не пайда?
Толқын шайып, жоғалмай ма құмдағы із.
Жол жетпеген жерге жүйткіп ой барар,
Қанат болса, кеңге құлаш сермеңіз.
Көп жан жүрсе, үлкен жолға айналар
Жалғызаяқ соқпақ болған жердегі із.
Төңірекке назар салып көрсеңіз,
Мақсатына жете алмаған жан аз ба?!
Сөз асылын теріп ала білсеңіз,
Жоғалмайды қалдырған із қағазға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу