Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  83


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Күйе

Екі бала келді маған бір күні:
От бүркеді біреуінің кірпігі,
біреуінің жанарына жас тұнған,
екеуі де асқынған.
Бірі – шағым,
екіншісі соқты дау:
– Мынау, – деді, – күйе жақты,
– Жоқ, мынау...
– Кірпігіңді келмей ме, дос, кептіргің
құрдасыңның көз-отына? – деп күлдім.
Біреуі айтты:
– Ақтама, аға, ақтама,
күйе жақты, міне, қара, қап-қара.
Сонда аңғардым: біреуінің беті айғыз.
– Мұны, – дедім, – ұят, ұят атаймыз.
Сонсоң сүртіп әлгі күйе-бажақтың
қақ жартысын ана балаға жақтым.
Сонда екеуі мәз болысты.
бәрі әйгі:
Күйелілер – бөліскенді қалайды.
Тазарған жоқ ешқайсының жүзі одан...
содан өзім әлі күнге қызарам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу