Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  116


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

РЕДАКТОРҒА ƏЗІЛ

Көтеріпті кезінде Абай да сын,
Теріс азу не деген қабандайсың.
Оқи сала сызғылап жазғанымды,
Өлеңімді жазықсыз қаралайсың.
«Баққан малым, бұл менің, ісім» дейсің,
Сөйте тұра кей жерін түсінбейсің.
Редактор болған да жақсы екен ғой,
Үлкен басың қалайша кішірейсін.
Білгіш болсаң, жырға сəт тілегейсің,
Жазған жоқсың бірақ та, бір егей сын.
Бөгде ниет ойыңда болмаса да,
Түзетем деп өлеңді «дүрелейсің».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу