Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  135


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Ат қосам ба бәйгеге, нар қосам ба?

Белбеуге түйіп алып беттің арын,
Келмейді жеңіл-желпі ат шығарғым.
Жамандардың қасында болған сайын,
Өтеді екен қадірі жақсылардың.
Ұстағандар кей істің тұтқасын кеп,
Аша алмай жүр əлі бір жұртқа тың бет.
Жел өтіне қасқайып тұрмағандар,
Жырғатпайды халыққа ықтасын боп.
Жаңылса ақын шындықтан, сөз нашынан,
Қисық ағаш таптым де тез қасынан.
Жағалаған жалдыны жалтақбайдың,
Жақсылығы аспайды өз басынан.
Кең заманға келіспес тар босаға,
Ат қосам ба бəйгеге, нар қосам ба.
Шынарларға шырмалып биіктеген,
Шырмауықтар санатта бар болса да.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу