Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  91


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Күнiм де сен...

Күнiм де сен,
Күлiмдесең –
Балқытасың шоқ болып.
Гүлiм де сен,
Дiрiлдесең –
Өртенемiн от болып.
Нұрлы көзiң,
Сырлы сөзiң,
Шашу болып шашылған.
Сазды сезiм,
Назды көзiң –
Шымылдықтай ашылған.
Жақұтым да,
Бақытым да –
Өзiң салған өрнекте.
Өңiмде де,
Түсiмде де –
Iздеп жүрем жер-көктен…
Қабағыңнан,
Тамағыңнан…
Айналады басым да.
Естен танып,
Еркiмдi алып –
Кетпе, жаным, қасымнан..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу