Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  57


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Не iстедiм екен осы мен

Не iстедiм екен осы мен
Өзiңдi алғаш көргенше,
Ертеңнен ненi тосып ем?
Əнiме кiмдi қосып ем
Өзiңдi алғаш көргенше,
Аймалап көңiл хошымен?
Көктемiм қалай шаттанып,
Жадырады екен жаз қалай?!
Бақыттың таңы атты анық!
Сезiмiм қалай тапқан ық?
Жатқан ба жырым тұтанбай,
Өз жүрегiмде қатталып?!
Құлпырмай тұрған гүл неге?
Шарлап-ақ жүрiп əлемдi,
Сенi мен неге бiлмегем?!
Ақпан ба,
Əлде, шiлде ме?..
Келдiм ғой қайта өмiрге –
Кiнəлама да,
Күлме де…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу