Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  180


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Жаркентім

Аңсаған сенi күнiм көп,
Жаркентiм,
Көңiл хошындай.
Қарсы алдың тағы күлiмдеп,
Кездеспей кеткен досымдай!
Жүре алман шалғай шетте де,
Жырыңа сенiң қосылмай.
Əлi де жанға жетпеген –
Сырыңды жайшы,
Тосылмай.
Арманым сенде көктеген,
Сезiм де селдеп…
Жосылды-ай!
Тентектiк телiп ептеген,
Тектiлiк септiң – осындай!
Анамдай асыл, мекенiм,
Өзекке тектi ұл теппеген.
Құс болып,
Ұшып жетемiн,
Сезiлсе сыбыс:
«Жет!» – деген…
Жаркентiм,
Жөнiң бөлек тым,
Əн болып,
Жыр боп ағылам.
Жеткенше жүрек өрекпiп,
Сағынам сенi,
Сағынам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу