Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  120


Автор: Сүйеніш Мешітбайұлы

Қалдарбек Найманбаевтың 70-жылдығына арнау

Мың тоғыз жүз,
Тоқсан екінші жыл еді,
Қазақстаным,
Қайта көктеп түледі,
Дүниежүзі,
Қазақтарын шақырып
Ақсарбас айтып,
Алматы тілеу тіледі.
Қандастарына,
Түркістан қазан асыпты.
Киелі жерге
Қонақтар тегіс асықты.
Қалекең жолдап,
Қырық елге сауын сəлемін.
Нұрекең қолдап,
Қазақтың нұрын тасытты.
Алатау, Арқа,
Қарт Алтай, қолын алысты
Аға мен бауыр
Еңіреп келіп табысты.
Ұрпаққа сыйлап,
Ұлан байтақ мекенді,
Қайран бабалар,
Бермепті-ау бекер намысты.
Тарихын ойлап,
Толқыдым ата жұртымның
Тұмарға салдым
Топырағынан бір шымшым.
Сол жылы маған
Батасын берген Қалекең,
Мен сонан болар,
Жыр жазуға ын құлшындым.
Ақындық арың
Астасып жатқан даламен.
Тау, тұлға дарын
Қайдасың қайран Қалекең.
Төледен тура
Қазыбектен қалған қағида,
Əйтеке биден
Əділет сенде бар екен.
Мəуелі мəңгі
Шыңдарға біткен шынарсың,
Өзіңсіз аға
Жайымды менің сұрар кім?
Тəуелсіз елдің
Осы таңдағы табысын
Бар қазақ ортақ
Ойласын деген шығарсың.
Тату тірлігім,
Ағайын, туыс, бауырлас
Алтын бірлігім,
Қалекең құрған қауымдас
Қауымдастығым,
Берекеміздің бекеті
Қауымшыл ұлтқа
Қамал болмайды алынбас!
Дарқан Даламда
Асқары зəулім заңғар көп
Сол биіктерге жеткізер,
Даңғыл жолдар тек.
Таңбамды түзеп,
Ту тіктің туған тұғырға.
Ұмытпас халқың
Аяулы аға Қалдарбек!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу