Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  123


Автор: Ерлан Нұрдықанұлы

Елес

Қаламымның ұшынан –
ақ қағазға түн тамып...
Ең бір ыстық елестер жан дүниемді жылтады.
Ер-тұрманы күмістен, кісінейді əнеки –
Құс жолынан су ішкен айқасқалы тұлпарым.
Ол – сахара рухы.
Жер танабын қуырған –
Пырағым-ай, перінің ойнағында туылған.
Ұлы дала елесін қанатыңа мінгізіп,
Қайдан ұшып келдің сен?..
Ей, тəкаппар сұлу мəн!
Жүрегімді əлдилеп көзіңдегі иірім,
Тамшылайды тарихым сауырыңнан
құйылып.
Тағыда сол жас қайғы –
Тасқа айналған тарих...
Мен сағына бастаймын,
Саған үнсіз сиынып!
Кісінеген даусың жан дүниемді жылтады,
Алақанымда ай жатыр көлеңкеңді қымтанып.
Бірте-бірте өзім де айналамын елеске,
Қаламымның ұшынан –
Ақ қағазға түн тамып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу