Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  162


Автор: Әлия Дәулетбаева

Күз келгенде гулдеген үміт арсыз...

Күз келгенде гулдеген үміт арсыз,
Үш күннен соң мені де ұмытарсыз.
Үсік шалған жанымның жапырағын,
Үрлеп қана түсімде жылытарсыз.
Жылытыңыз...өтінем...тоңып барам,
Суытыңыз... Өтінем... Жанып барам.
Жалқы сәт боп жанардан ұшқаныңша,
Жолықпаған жақсы еді, жолықпаған.
Көрмегенім жақсы еді, келмегенің,
Енді немен, құдай-ау, емделемін.
Бүршігінде сезімнің тұнған тамшы,
Кірпігімнен моншақ боп дөңгеледі...
Мені мұңға қойдың да жақын қылып,
Күмілжідің, күттірдің батыл қылық.
Шыған қонып бұл күнде жүрсің қайда,
Күнәм болып кезіккен ақын жігіт..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу