Өлеңдер ✍️

  25.05.2022
  124


Автор: Әлия Дәулетбаева

Атыраудың аспаны

Атыраудың аспаны тұр түнеріп,
(Шырайлы еді, бұзылған шырқы не ғып?)
Өлең деген еменнің бүртігі едік
Алдансақ ақ жауын боп жылағанбыз,
Долдансақ жалт ойнатып күркіредік,
Ақыл менен албырттық аңдысқанда,
Соңғысының намысын жыртып едік.
Атыраудың аспаны тұр түнеріп,
Берсе, шіркін, тағдырым бір күн ерік.
Тезге көнбес перзенті ем туған жердің
кеткім кеп жүр қаңғыбас бұлтына еріп.
Атыраудың аспаны тұр түнеріп,
Бара жатыр, беу, қайда жұрт үдеріп.
Көндіге алмай қойдық – ау қалаңа осы,
Сағым көшкен даланың сылқымы едік.
Атыраудың аспаны тұр түнеріп,
Көпті көрген көңілдің құлпы берік.
Қара өлеңнің киесі қолдай гөр деп,
Күн тіледік, құдайдан түн тіледік.
Шын тіледік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу