Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  108


Автор: Ерлан Рымбек

Жылама сен, жігітім

Жылама сен, жігітім,
Кетсе әйелің басқамен.
Қайтесің ойлап күні-түн,
Не пайда мұңды шаққанмен?
Бақытың алда күтіп тұр,
Келеді әлі ақ таңмен.
Шығыстан шығар күнің де,
Батысқа жылап батқанмен.
Әйеліңдегі дерт қой ол,
Тұрмайды үйде баққанмен.
Бақыт таппас өмірде
Басқа жанмен жатқанмен.
Шөп салса егер көзіңе,
Өтер тәнін ластаумен.
Ешбір пайда таппайсың
Көзден жасың аққанмен.
Ол бақытын таппайды
Ар-намысын сатқанмен,
Көтер, қане, басыңды,
Көңілді жастық шақтармен.
Ешбір пайда таппайсың
Өзіңе кінә таққанмен,
Жеңіл жүріс жолында
Жүрсін өзін даттаумен.
Табылар саған бақыт та
Қайғы есік қаққанмен,
Бақыт саған келмейді
Іштен тынып жатқанмен.
Балаңды ойла, арыңды,
Жүрсең де талай қатпармен.
Тең болғаны әйелің
Бетіне күйе жаққанмен.
Көтер, қане, еңсеңді,
Өміріңді өтпе таптаумен.
Сен жалғыз емес бұл күнде
Ажырасып қор болған,
Сен жалғыз емес бұл күнде
Қайғысы темір тор болған.
Көтер, қане, басыңды,
Іш, мұңаймай, асыңды.
Бұл – сынағы Алланың,
Өрге домалат тасыңды.
Жарың болып жарытпас,
Қатырма босқа басыңды.
Әйелі ғой зинақор
Жиырма бірінші ғасырдың,
Өміріңді қорлаумен
Өтер әлі жасырын.
Бақытың өз қолыңда,
Табылар жақсы жар сынды.
Асығы болсаң өмірдің
Көрсет, қане, алшыңды,
Жанұясын табалар
Құрметсіздер бар сынды.
Жылама сен, жігітім,
Кетсе әйелің басқамен.
Қайтесің ойлап күні-түн,
Не пайда мұңды шаққанмен?
Сен еш пайда таппайсың
Қайғының зарын тартқанмен,
Деп жұбаттым өзіңді
Алысып түнмен, ақ таңмен.
Заманы болды-ау азғырған
Иесін ит қапқанмен.
Жыртпа ешқашан ашумен
Өмірдің жақсы парақтарын,
Бол өзіңді басумен
Әкетсе де бақытыңның талап бәрін.
Сүмірейіп сүмелектей жүрме босқа,
Жаңа өмірге қайтадан қанаттанғын.
Сен, бауырым, бақыттысың,
Туыстарың жүр жаныңда.
Шаттығың шалқып күлсін
Достарыңның барында.
Бақыттысың, бауырым,
Тірі жүрсе анаң, әкең алдыңда.
Қанағат тұт, бауырым,
Мына дүние жарығын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу