Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  121


Автор: Сəбит Бексейіт

Киелі ұя

Жырұйығым,
Жырстаным – Поэзиям,
Қасиеттi мекенiм, киелi ұям!
Менiң сенi қимасым айдан анық,
Кiмге қиям мен сенi, неге қиям?!
Неге қиям мен сенi, кiмге қиям,
Санаймысың менi әлде ұл деп ұяң!?
Өзегiңдi өйткенше жұлып бер де, –
Өшкенiнше кеудемде
өлең, күй, ән!
Қанат қағар қияға қиял құсым,
Жұдырықтай жүрекке жияр күшiм.
Сенсiз тани алмас ем Ғаламды да,
Сенi мият тұтып мен – зиялы шын.
Бетiм саған қараған, Поэзия,
Құбыламсың,
Меккемсiң – киелi ұя!
Құдыреттi сөздердi айтсам деймiн,
Зерделерге нәп-нәзiк әуез құя…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу