Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  104


Автор: Индира Кереева

Көгершін

Сырласам деп келіп едім таяп мен,
ұшып кеттің....
Түсінбейсің ғой, әттең...
екеуміздің
тағдырымыз тым ұқсас,
екеумізде ойлар басым,
саят кем...
Қос бұтағы біздер өмір – теректің;
Екеумізге бұйырған ба ерек мұң?!
...Сен алдыңғы аяғыңды қанат қып,
Мен алдыңғы аяғымды қол еттім.
Қашпа менен,
үрікпеші текке енді,
Біз қалайық мәңгілікке боп белгі.
Сен көшеде
күтіп жүрсің көктемді,
Мен көшеде
еске аламын өткенді.
Мені қойшы...
Сен салмашы қапаста ән;
Жерге симай жүрмін.
Саған жат аспан...
Үнсіз ғана
тереземді қағып ап,
Мәңгі мұңдас болуға
шарт жасасқан
Көгершінім...
Кетпеші...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу