Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  130


Автор: Дәурен Берікқажыұлы

Қала, қалқам, өлең жазар жер емес...

Қала, қалқам, өлең жазар жер емес –
Қиял қусаң «қауып» алар тірлігі.
Мұнда саған «әдемілеу» керек ес
Бастық бола қалу үшін бір күні.
Ал, өлеңің терезенің сыртында
Мұңаяды (әрі кетсе) тамшыдай.
Мисыз көше мінбе болып қырт ұлға,
Жоғалады жүрегіңде бар құдай.
Мысықтардай мұртын жалап маңайың,
Сезім тіптен көрсетпейді төбесін.
Сұмдықтардың көріп мұнда сарайын,
Шындығыңмен жылап тұрып өлесің.
Солай, солай...дейтұғын бұл әңгіме
Айтылады, айналады аңызға.
Мейлі, мені ақымақ де, әңгі де,
Тек аузыңның сілекейін ағызба.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу