Өлеңдер ✍️

  20.05.2022
  90


Автор: Мөлдір Дарханбаева

Күйіну

Үйрендім...
Шын-өтірік жылап-күліп
Үйрендім
Бір мезетте құлап-тұрып.
Өлшеусіз өмір мені сен арқылы
Сынатты, құп!
Тонадым арманыңды, ұрып, жықтым
Солай ма?
Белгісі ме ұрылықтың?
Сеніңше, танысқалы тағдырыңа
Мың түрлі мұң іліппін.
Ал сен ше?
Қиялыңнан құрып дерек,
Тастадың ақ басымды күдікке көп.
Көп-көп-көп!
Түсінгенім саған анық
Басқалай бүлік керек...
Қинадың, кезім бе осы күш құрыған?
Ойың да, мені жеген ұшқыр, ұғам.
Шаршадым,
Түсінсеңші, сенің...
Сосыыыын
Бітпейтін мына өмірдің мысқылынан...
Жанымның қиналысы жасқа арласты
(Әкем де, мені осылай басқармас-ты...)
Мекенім болмайды енді,
Біліп қойғың....
Сен тұрған аспан асты...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу