Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  154


Автор: Нүсіпбай Әбдірахым

Сағындым сені...



Сағындым сені,
Сағындым сол бір кездерді,
Өзіңе деген өкпем де бүгін өзгерді.
Қайтадан бүгін еске алдым, еркем, сені мен,
Іздедім маған сонша ыстық әсем көздерді.
Қай жерде жүрсің, қымбаттым менің, бұл күнде,
Бар ма екен сырлы сағыныш әсем күлкіңде?
Қалды ма әлде бәрі де сол бір қалпында,
Бітті ме бәрі жалт еткен түстей бір түнмен?
Аққудай жүзген көгілдір тынық айдында
Тұрасың әсем қалпыңмен ылғи алдымда.
Бір кезде маған көңілің толмай кетіп ең,
Басқамен бүгін бақытты бола алдың ба?!
Бақытты болшы қай жерде, кіммен жүрсең де,
Ренжіген жоқпын басқаны, мейлі, сүйсең де.
Жетеді маған осынау жердің бетінде
Бақытқа толы жүрегің барын білсем.






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу