Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  89


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Аңқаулығым

Сүюші едім адамды өте беріліп,
Иілгенде түсетұғын белім бүк.
Аңғармаған аласы іште жүретін,
Болмаппын қой адам сырын мен ұғып.
Жарып жеген қолға түскен бір дəнді,
Өлгенде де бөлісем деп иманды.
Қолдан дəрмен кетіп еді сол досым,
Есіктенде бір қарауға бұлданды.
Қайырымым қалып шет бір далада,
Аңғар түсіп бөліндік біз араға.
Табылмайтын ересектер бойынан,
Аңқаулығым менің сəби баладан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу