Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  81


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Қайда

Білім қайда жел көрік ауыздама,
Əмəлйəт жеңеді дау қызғанда.
Нағыз білім қонады бейнеттеніп,
Маңдайынан судай тер ағызғанда.
Туған елге бердік біз не жаратып,
Осы уайым жүр менде белге батып.
Қарыздармын осы елге өлгенімше,
Тасымды өрге шығарған домалатып.
Жүріп келем бірде шат, бірде мұңлы,
Бір артыққа долай қып бір кемімді.
Нағыз білім намыс пен үйренуде,
Мəйек етпен мардымсыз білгенімді.
Білім қайда ол сасық кеудеде ме,
Түсінбейтін өмірді кең көлемде.
Білім тынбай ұғуда, мың білімсіз,
Білімдінің біріне тең келе ме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу