Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  87


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Қайда???

Кезіккенде төгіліп,
Айтылатын сыр қайда?
Төкпе шабыт тебініп,
Жазылатын жыр қайда?
Табыстарды айтатын,
Мақтан сүйер сөз қайда?
Қараса ыстық тартатын,
Күлімдеген көз қайда?
Лап-лап етіп жанатын,
Оты қайда жүректің?
Жаңбыр болып жауатын,
Сезімдегі жылы екпін.
Қайрат қайда қаулаған,
Тау көтеріп тас жарған.
Шөлім қайда қанбаған,
Жұтсам тұнық бастаудан.
Көңіл қайда көктемдей,
Маужыраған шуақты.
Жақында емес өткен кей,
Алыс кеткен сияқты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу