Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  106


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Түңілем

Даңғарадай құр кеуде даңғырлаған,
Жүрегінен от өшіп қан құрғаған.
Адамдар бар өзге екен өз тағдырын,
Өткізуді адамша қам қылмаған.
Ақ сəулесін өшіріп оң жағылған,
Соңында өзін əр неге олжа қылған.
Біреулерден көргенде сорақылық,
Түңілердей боламын өз жанымнан.
Қысы бірге біз көрген көктем бірге,
Сыймаған соң амал не тікті өмірге.
Із қалмас-ау солардан емге іздесең,
Келгенінде бұл жерден кеткенінде.
Шықпас жанға көңілдің қалауынан,
Жыр шығады кезде өстіп жан ауырған.
Туады екен кешірген тіршілігің,
Қандай көзбен өмірге қарауыңнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу