Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  70


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Қарасам

Қарасам жеткіншекке артымдағы,
Кетемін ой-қиялға əр туралы.
Сөзінен жалғыз ауыз аға деген,
Арқама нар жүгі кеп артылады.
Қарасам ол талпынған биіктерге,
Мен əлі не бердім деп сүйікті елге.
Жасып та, жалындап та ұшып тұрам,
Жуып ап маңдайымды суық терге.
Қарасам солардың шат еркелігін,
Еске кеп тал шыбықтай ертегі күн.
Заманның алып тұлға домбырасын,
Қолға алып қосылып ап шертем бүгін.
Қарасам ғылым құмар əуестігін,
Көремін көркем дала тау кескінін.
Тап солар дəл иесі кереметтің,
Келмейді оған қия дауды естігем.
Қарасам ағалыққа ауысқаным,
Абайлап енді өмірмен танысқаным.
Қарамай соңғылырға түймейді адам,
Қаншасын өз жасының тауысқанын.
Қарасам бір жыл туып бірге өскенді,
Қадірін боларма екен білмеске енді.
Алысып, аударысып айғайласып,
Жарысып келеді асқым бір бес белді.
Қарасам солармен бір тұрмыс тұрғым,
Айтуға батам дұрыс, бұрыстығын,
Қалжыңмен шоқ жіберіп арасына,
Келеді жарыменен ұрыстырғым.
Қарасам солар сыйлас игілерім,
Бармақтай суретінде үйге ілемін.
Ақтарып арман, тілек, үмітімді,
Шертемін көңілімнің күй лебін.
Қарасам кірпігіме кір ілмеген,
Қуанды ел туылды деп бір ұл менен.
Сол елге жеміс берер шағымыз бұл,
Қылыштай қия шапқан дірілдеген.
Қарасам алдыңғы аға буындарға,
Жүгірем биік ұстап туын алға.
Тамбаса солардың пəк қан мен тері,
Бақыты маңдайымның туындарма.
Қарасам беттегі əжім шəш аппағын,
Келеді қолқанат боп шаршатпағым.
Басынан қанша шілде шыжып өтіп,
Кешеді ол долы қыстың қанша ақпанын.
Қолтығын жүгіретін созып атың,
Құрбылар дəл осы бір кезің алтын.
Сынаптай сырғып жатқан уақыттың,
Сырын біл өзімізді тоздыратын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу