Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  132


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Менің ойым...

Кезігіп алдымда асқар қабат биік,
Отырмын толғаныста қабақ түйіп.
Өмірсіз бұрқыратып жазғаным не,
Тотыдай төгілмесе қанат-құйрық.
Кетемін ойдың ащы толғағын жеп,
Бірде бір жазғаныма толмай жүрек.
Болатын жанға рақат көңілге күй,
Іздеймін жыр қайда деп майда жібек.
Жоқ менде жұртқа жаққан кесекте өлең,
Тек əйтеуір жыр құмар боп есептелем.
Сол себеп жан құмартып жақсы өлеңге,
Тұғыр қып жүрегімді төсеп келем.
Ойына бояуы сай өрнектелген,
Орын ал əдемі өлең өрлеп төрден.
Өлеңдер болмаса екен менің ойым,
Сəбидей шала туып жөргекте өлген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу