Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  121


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Береке

Жолықса кеселіне алалықтың,
Қасиеті де кетеді даналықтың.
Жыртылар берекенің тоны тозса,
Темірден жаралған жоқ жаны алыптың.
Табылмас мына тұрған күштің теңі,
Береке əлсізді де күшті етеді.
Беріліп берекені сүйсе жүрек,
Жаныңа жоқ адамның еш бөтені.
Асқақтап татулықтың лепті үні,
Шыққанда, сан мұзбалақ түлеп тұрды.
Береке тіршіліктің бал қаймағы,
Береке миллиондардың жүрек тілі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу