Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  291


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Ағаң болса алдыңда...

Ағаң болса алдыңда сенің асқар бір белің,
Оған мақтан артынан сенің еріп жүргенің.
Түсін бірақ өмірдің сырын қатыгез,
Бірнеше жыл сенен бұрын білгенін.
Өмір деген өмір ғой ол қашанда,
Бірге жүрген тоқ пен семіз, арық пенен аш онда.
Алдындағы қарап өсер айна ағаң,
Жұққан шаңның бар мен жоғын шашаңда.
Иық сүйер тиянағың өз ағаң,
Сөйлеу күнə қарсы қарап сөз оған.
Жаздай жылы шуақ шашқан жанынан,
Бола берсін солар ескі көз аман.
Сақта есіңде ағаң қымбат бағасын,
Өзің талай інілерге ағасың.
Қарап жүріп оққа ұшады оп-оңай,
Білмеген жан өз қорғанын, панасын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу