Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  91


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қамыс торғай

Арасынан ну қамыстың
себет көріп, қолға аласың.
Қалпағындай күнбағыстың!
Кім өрген деп таңданасың.
Бұл торғайдың өнері екен
жасар салып жаны, күшін...
Ол себетті өреді екен
жұмыртқасын салу үшін.
Тыным көрмей жанығасың,
қанша себет сенде дайын!
Бəрін бірдей не қыласың –
базарға əкел, мен де алайын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу