Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  282


Автор: Фариза Оңғарсынова

Қамаудағы аңдар

Əкеме еріп қалаға
барып едім бір күні.
Көрдім сонда қамалған
аю, қасқыр, түлкіні.
Арыстан да, барыс та –
темір торда тұр бəрі.
Кете алмайды алысқа,
кезе алмайды жылғаны.
Ұша алмайды қыран да,
ұшуға оған болмайды.
Кеткісі кеп шығанға,
тек қанатын қомдайды.
Маймылға жұрт таң қалды:
нан сұрайды баладан.
Аяп кеттім аңдарды –
қандай жаман қамаған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу