Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  87


Автор: Фариза Оңғарсынова

Жүрегім - жүрегіңде

Өзіңмен кездескенде
жүрегім əн салады.
Дəл сендей жерде еш пенде
жоқ дейді таң самалы.
Қайырмасы:
Жанарым-жанарыңа
жіпсіз-ақ байланады.
Жүрегім-жүрегіңде,
сезбеймін айналаны...
Көзіме жан көрінбей,
Абай мен Əйгерімдей...
Өзіңе бағындырдың,
жаным құрбым!
Арылып қанша мұңнан,
көңілім əн-армандай.
Бір жылу саусағыңнан
бойыма таралғандай.
Қайырмасы.
Осы кеш, осы демің
жалғасын бал ғұмырды.
Өзіңе тосып ерін,
тапсырам тағдырымды




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу