Өлеңдер ✍️

  05.05.2022
  148


Автор: Фариза Оңғарсынова

Мықты болса ұлдары...

Қызғалдақтай қырдағы,
қыз Құртқадай жырдағы
қыздар сұлу көрінер,
құтты болса құндағы,
алтын құндақ елінің
мықты болса ұлдары,
ұлдары асқар тұлғалы.
Қыздың көңілі жүдесе,
ақ босаға сынғаны,
босағадан басталар
ата-жұрттың шыңдары,
аласарса шыңдары,
аруақтардың ұрғаны!
Гүл семсе, жер қуарып дала сырдай,
елге сын – қыздар жүрсе бағы ашылмай.
Жігіттің несі жігіт
қыз баланың
қорғаны бола алмаса ағасындай?!
Қазақтың дарқан болса кең даласы,
бабасы – ер, сыйлы болған елге анасы.
Көз тартар хор қызындай арулары,
халқының есті болса ер баласы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу