Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  105


Автор: Рафаэль Ниязбек

АЛЛАНЫҢ КӨЛЕҢКЕСІ

Талайдың тақымына бұрау салған,
Жоқ жерден тарынғанда мынау Жалған,
Тәңірден ұл сұраған жалбарынып,
Ананың жаны ызғардан қырауланған.
Арлы ана сәби сүймей жүдегенде,
Қай бейбақ жайраң қағып жүреді елде.
Бойына бір нәресте біткен еді,
Басына қарт бабаның түнегенде.
Тайсалмай тасқындардан жүзіп өтіп,
Ұшырған көңілінен құс түлетіп.
Жебеген шығар, бәлкім, батыр баба
Құлынын Құлагердің кісінетіп.
Жауына жебе боп та қадалатын
Абыздан азамат ер бата алатын.
Алланың тоқсан тоғыз есімі бар:
Бірі – Нұр, бірі – Сұлтан аталатын.
Көңілдің шымылдығын таңға аштырып,
Арманын ана туған алға астырып.
 Әжесі Нұрсұлтан деп атын қойған
Алланың екі есімін жалғастырып.
Жүрсін деп жоғарыға үні жетіп,
Қойған-ды Алла есімін ырым етіп.
Ол кезде кім ойлаған жетілгенде
Ел-жұртын басқарар деп дүрілдетіп.
Көгінен Ай туғанда қияқтанып,
Көңілден отырғаны күй ақтарып.
Ол кейде көрінеді
Жерде жүрген
Алланың көлеңкесі сияқтанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу