Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  64


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚЫНДАРЫН ІЗДЕГЕН

Тамыр тартып көрмеген жат құрағы,
Ұлы дала қазақтың жан тұрағы.
Алтын таққа Елбасы жайғасқанда
Көңілінің жарқ еткен шам-шырағы.
Ақындарын іздеген
Сағыныштан
Сарғайғанда жанының жапырағы.
Тіршілікте осынау мың қатпарлы,
Ақындарын іздеген жырлатқалы.
Тұрмысы елдің түзеліп келе жатқан
Өмірінің өзені қырға аққалы.
Қуаныштан тербелген түз-белең де,
Ақындарын Елбасы іздегенде.
Солар жазып жолдаған хат секілді
Ұшып жүрген көк қанат құс төбеңде.
Ақындардан тумаған қыжылды өлең –
Қайғысына қайық сап жүзбегенде.
Жол қадірін біле ме жол жүрмеген,
Кімнің жөнін жөндейді жөн білмеген.
Кеудесінің оты бар қай ақын да
Жырдың отын ешқашан сөндірмеген.
Сыбағасын жеп келген тірілердің,
Ішкені ірің қашанда ірілердің.
Ақындарын іздеген қай кезде де,
Айналғанда президент піріне елдің




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу