Өлеңдер ✍️

  20.04.2022
  102


Автор: Рафаэль Ниязбек

НҰР-АҒАНЫҢ АРҚАСЫ

Ту ғып биік көтеріп өр намысын,
Туған елге жолдаған толғанысын.
Мұхиттарға асыққан тулап ағып,
Ұлы өзендер іркеме жолда ағысын.
Толғанысын еліне жолдағаны –
Қырандайын қанатын қомдағаны, –
Париж қала Есілдің жағасына
Жатқан ұлы кезеңде орнағалы.
Көңілінің жайқалып шынары өскен,
Елбасының жүзінен шуақ ескен.
Үйі жоққа үй болған ақ шатырлы,
Шырақ жағып үйлерге шырағы өшкен.
Тіршіліктің сүт саулап анарынан,
Жібек самал еседі қабағынан.
Туған елдің бақытын көрем ылғи
Айбоз ердің от шашқан жанарынан.
Кісі емес пе күн кешкен бұлбұлды елде,
Өмірінің ағысы іркілген бе.
Кеңістікте сәулелер ағындаған
Ойлы, нұрлы көзінен күн күлгенде.
Бағаналы бақ қуған белес-белде,
Ер де өседі еменді ел өскенде.
Қазақ неге жағынсын жатқа барып,
Терезесі тәңірмен теңескенде.
Елбасының халқымен сырласқаны,
Қоңыр күздің көктемге ұласқаны.
 Нұр-ағаның арқасы
Тұрса егерде
Туған елдің биіктеп нұрлы аспаны.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу