Өлеңдер ✍️

  02.04.2022
  140


Автор: Абдрахман Асылбек

Ақшаны кім қалай табады?

Ақша табу оңай ма?
Керек оған он айла:
Біреу біреуді алдап табады,
Біреу жанын жалдап табады.
Біреу қулықпен табады,
Біреу ұрлықпен табады.
Біреу алаяқтық тірлікпен табады,
Құлақ естімеген сұмдықпен табады.
Біреу малын сатып табады,
Біреу арын сатып табады.
Бәрінен де сорақысы –
Біреу тәнін сатып табады.
Біреулер жаламен табады,
Біреулер парамен табады.
Арамдықтың арқасында
Байлыққа батып қалады.
Ондайлардың көбісін түбінде
Құдайы атып қалады:
Түрмеге жатып қалады.
Адал еңбек, маңдай тер
Балдай қатық болады.
Ондай дәмді тек қана
Адал адам ғана татып бағады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу