Өлеңдер ✍️

  23.03.2022
  110


Автор: Нұрлан Оразалин

Оқырманым!

Оқырманым!
Ой тоқтатып қарашы,
(алыс емес Көкпектiмен арасы).
Темiрлiгiң – қан қақсатқан әлемдi
Темiр ұлық шегiнген жер шамасы,
Темiр ұлық жеңiлген жер шамасы.
Әмiр Темiр қаһарына бас ұрған,
Уақыт па, кiм бiлiптi, жасырған?
Осы атауда… Әйтеуiр бiр шындық бар,
қалып қойған орта ғасырдан…
Әмiр Темiр айбарына бас ұрған…
қараша, 1982 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу