Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  92


Автор: Абдрахман Асылбек

Піл мен кәнден

Пілді біреу алып жүрді көшеде,
Қарасын деп бар халық.
Белгілі ғой, бұл ғажапқа таңданып,
Еріп жүрді ашақ ауыз нешеме.
Әлдеқайдан бір Кәнден ит дәл келіп,
Шабаланды жаны қалмай бір түрлі:
Бір шәуілдеп, бір шиқылдай ұмтылды,
Зор Пілменен алысқандай әлденіп.
«Көршім, тоқта, болма текке масқара, –
Деді досы, – сені тыңдар қасқа ма?
Бос қарлықтың, ал ол жүріп барады,
Қарағын.
Тіпті, сенің үргеніңді елер ме?»
«Эх, эх! – деді Кәнден сонда елерме, –
Мен осыдан үлкен ләззат аламын.
Қан майданға кірмей де,
Мені жұрттар шын батыр деп білмей ме?
Иттер айтып жүрмей ме:
«Эх, Моськаның селт етпейді жүрегі –
Деп, – Пілге де үреді!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу