Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  183


Автор: Абдрахман Асылбек

Инелік пен құмырсқа

Селтеңдеген Инелік
Жазды өткізді сайрандап;
Қарайды енді қайран қап,
Суық күзден именіп.
Дала қурап, семді шөп,
Жарқын күндер енді жоқ.
Жапырақ жақсы сый еді,
Әрі тамақ, үй еді.
Суық қыс кеп, бәрі өтті:
Жоқтық тартып шалғайдан,
Енді Инелік салмайды ән,
Аш қарынның зары өтті.
Қайғы буып шаттығын,
Құмырсқаға шақты мұң:
«Мейірімің мәлім-ді,
Жинайын күш-әлімді.
Жаз шыққанша күліп күн,
Тамақ беріп жылытқын».
«Қиын екен жағдайың,
Не бітірдің жаздайын?» –
Деді Құмырсқа күліп бір.
«Қызық қуған кез бір бұл:
Мамық төсек – көк шалғын,
Ән салумен өтті әр күн,
Бас айналып, көз тұнды!».
«Ах, солай ма?» «Тап солай,
Ала жаздай ән салғам».
«Әнші болсаң, бар, қалқам,
Билей бергін тоқтамай!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу