Өлеңдер ✍️

  17.03.2022
  86


Автор: Абдрахман Асылбек

Сәуегей

Бір шіркеуде ағаш «Құдай» сақталды;
Болжады ол алыс пенен жақынды,
Кеңес беріп ақылды,
Алтынменен апталды,
Күміспенен күптелді,
Бойын да әсем күткен-ді.
Естіп мадақ қолпаштаған сөз түрлі,
Басы айналып, көз тұнды.
Не айтса да, оған шындап сенді жұрт;
Кенет «Құдай» көпіріп,
Айтты кілең өтірік.
Сәуегейдің бар жауабы болды қырт.
Сұрағанмен не жайында одан кім,
Дұрыс жауап бере алмады оған шын.
Көріпкелдік күші қайда кеткен деп,
Таңданды ел бұл ісіне көптен-көп.
Істің мәні басқа еді,
Сол сәуегей қуыс кеуде қасқа еді:
Ішінде абыз отыратын бақылап,
Аңдасып.
Сол орынға келіп еді бір ақымақ алмасып,
Сөйлей алмай дәл басып,
Сәуегей де бола қалды ақымақ.
* * *
Осындай бір әңгімені татымды
Соттар жайлы естіп ек:
Жүрген екен өздері де есті боп,
Бар кезінде хатшылары ақылды.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу