Өлеңдер ✍️

  16.03.2022
  117


Автор: Абдрахман Асылбек

Жаңа сайланған әкімдерге

Құтты болсын тақтарың,
Арта берсін бақтарың.
Сайлаған соң құрметтеп,
Ел сенімін ақтағын.
Заңдастырған қалыптың,
Қолдауымен халықтың,
Сайланған соң әкім боп,
Әділдікті танытқын.
Әкімдікті бергені –
Елдің саған сенгені.
Сақтай білгін әспеттеп,
Орыныңды төрдегі.
Сен қазірше ірісің,
Өзіңше бір ұлысың.
Түсіп қалсаң орныңнан,
Көпшіліктің бірісің.
Соны жақсы білгейсің,
Уақытша дүрдейсің.
Қарапайым халақты
Адам демей, кім дейсің?
Емес сірә мың күндік,
Қызыметің бір күндік.
Көпшілікті сыйлай біл,
Бар кезінде мүмкіндік.
Болып жалғыз бас қамы,
Сыйламасаң басқаны,
Абырой мен арыңның
Тал бойыңнан қашқаны.
Істі сатып аларсың,
Біраз жерге барарсың.
Сыйламасаң халқыңды,
Бейшара боп қаларсың.
Сайлап отыр сені кім?
Халық деген кең ұғым.
Сайланған соң әкім боп,
Ақта көптің сенімін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу