Өлеңдер ✍️

  14.03.2022
  97


Автор: Нұрлан Оразалин

ШИЛІӨЗЕК

«Шиліөзек» – көркем, шалғынды,
біздер еңбек еткен жер;
өткізіп дәурен-бал күнді,
маңдай терді төккен жер.
«Түйетасы» төрінде
алыстан көзді тартады;
«Майтөбесі» өрінде
дәмі тәтті бар тағы.
«Қыр жол» жаққа әрі ассаң –
рауғашы бар, бүлдірген.
«Талдысы» бар жарасқан,
тартар көзді шың бірден.
Етегінде құрақ бар,
бөктерінде – жас қайың.
«Көкбастау» дейтін бұлақ бар,
тұмасы тұнық, тастайын.
мамыр, 1964 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу