Өлеңдер ✍️

  22.02.2022
  2273


Автор: Абдрахман Асылбек

Абысындар

Әнін жазған Әшірхан Телғозиев

Айналайын абысындар –
Ауыл-үйдің бағысыңдар.
Араздасса екі ағайын,
Жақындату жағысыңдар.

Қайырмасы:
Абысындар, дарасыңдар,
Жүрек отын жағасыңдар.
Бәрінен де ең бастысы –
Адамзатқа анасыңдар.

Айналайын абысындар –
Ақ отаудың таңысыңдар.
Дсатарқанның берекесі,
Шаңырақтың шамысыңдар.

Қайырмасы:

Айналайын абысындар,
Инабат пен намысың бар.
Ағалардың арысыңдар,
Адал сүйген жарысыңдар.

Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу