Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  106


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

МЕРГЕНДЕР

Болса да аңы, мынау жердің қандай бір,
Шүріппені басуыңнан қалмай жүр.
Көріндіңдер шеттеріңнен ысылып,
Көбелекті көзге атқан жандай кіл.
Бірақ əлі өз бағамды бергем жоқ,
Таңғалса да жатқан байтақ жер мен көк.
Адамдағы арамзалықты атқанда,
Мүлт жіберме, айтам сонда мерген деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу