Өлеңдер ✍️

  12.02.2022
  122


Автор: Түбек Байқошқарұлы

АТЫҢНАН АЙНАЛАЙЫН, ҚОСЕКЕМ-АЙ

Түбек ақын ел қыдырып, өлең айтып, күн көретін
ақын болған екен. Бір жылдары өрдегі елді аралап жүріп,
96 жасқа келген Қаракерей ішіндегі Қосы деген білікті
адамға өлең айтам деп іздеп барыпты. Түбек барса, қария
əл үстінде жатқан ауру екен. Қарттың хал-жайын сұрай
отырып, Түбектің айтқаны:
– Атыңнан айналайын Қосекем-ай,
Пайғамбар бір Алланың досы екен-ай.
Тоқсан алтыда ақылың жаңылмаған,
Əулиенің сарқыны осы екен-ай, –
дегенде, қария иегін қағып, қолын сілтеп: «Енді айтпай-ақ
қой, болады», – деп ишара қылады. Түбек өлеңін тоқтатыпты, сый, тарту-таралғымен қайтыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу