Өлеңдер ✍️

  12.02.2022
  139


Автор: Түбек Байқошқарұлы

АТ ДЕЙТІН АТ ЖОҚ МЕНДЕ, АТЫМ – ТҮБЕК

Байғараның он жеті ақыны бірімен-бірі қалжыңдасып,
сынасып айтыса береді екен. Ақтайлақтан соңғы күштісі
Сабырбай болыпты да, өзгелері одан өлеңге артыла алмапты.
Сол туралы Түбек:
Ат дейтін ат жоқ менде, атым – Түбек,
Байғарадан шығып ем аттай үдеп.
Байғарадан шығып ек он жеті ақын,
Сабырбайды жеңе алмай жүрмін жүдеп.
Домбыра екі ішекті, бір тиекті.
Аулыңа Түбек деген ақын кепті.
Ақынның өзі кетсе, өлеңі бар,
Бозбала, үйреніп ал, аузың епті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу