Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  88


Автор: Құл-Керім Елемес

ӨТІНУ

Тәңір тұтып ырымды,
«Өлгем» қалмай жан – тәнде ар.
Шаша-шаша нұрымды,
Кеуіп қалған аңқам бар.
Кеуіп қалған сезімім,
Нұр өптірмей киеме,
Тірі өлгеннің өзімін,
Тірімді орап күйеме...
Тірімді орап жалғанға,
Сүрдім өмір сүлдермен.
Енді жеттім арманға,
Әй, үлгермен, үлгермен!..
Сен деп шыққан жан оттан,
Жұлдыз ерір жарық бер?
Екі көзден қан аққан,
Жарығыңа зарықты ер.
Мәжүнін боп кетейін,
Бұл жалғанға симаған.
Ғашық боп Өзіңе өтейін,
Ғашықтықты қи маған?!
2004.1.16




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу