Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  125


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ДƏННЕН ӨНГЕН ДАҢҚ

Тегің мықты, жеңін түрген: «жер» десе,
Жер жомарт қой, ерлер күнсіп, терлесе.
Таңданатын түгі де жоқ, туысқан,
Сенің диқан болуыңа ендеше.
Сен білесің ащы дəмін астықтың,
Соғыс лаңын, жаудың кəрін қатты ұқтың.
Он бесінде «универсалға» отырып,
Мотор үнін майда көріп, нəш тұттың.
 Бозбала қол болбыр тартпай, күстенді,
Танап шіркін таңдайды ғой күшті ерді.
Қынға симас қылшылдаған ер шағың
«Тыңға!» деген тың дабылмен тұс келді.
Заула, зырла, самға тыңға составтар,
Жорық əні, қоныс əні асқақтар.
Лек-легімен шеру тартсын жастық шақ,
Ал сен, Довжик, өз тобыңды бастап бар.
Ақ көрпелі жапан дала ғажап кең,
Сары аязы шектескендей азаппен.
Қар үстінде от жаққандай болды бір,
Танысқан сəт тыңда тұңғыш қазақпен.
– Хош келдіңдер, – қой көздері күлімдеп,
Дəс келдіңдер, ертең емес, бүгін, – деп;
Баурап алып бара жатыр Жайлаубай,
Аңқылдаған жандар жəйін білдің бек.
Жел ызғырып, жеткен шақта бой тоңып,
Қандай жақсы қарсы алғаны парторг.
«Қоныс осы!» – билеп-билеп кеттіңдер,
Қысқа-қысқа қоныштарға қар толып.
Жан баспаған мидай жазық алапқа,
Қанат жайды қаздай ақсұр палатка.
Шақ-шұқ еткен жердің мұздақ тоңына
Жарқ-жұрқ еткен сүймен сірə қарап па.
Тұмса дала. Тұңғыш қара қаққан ер.
Тілімдей ғып тік боразда тартқан ер.
Мақпал дала. Шалқар егін. Лағыл дəн.
Алтын десте. Алтын Жұлдыз таққан ер.
 Маржанымен масайратып халқыңды,
Дəйім сең алқабына дəн тұнды.
Мен əлі де жүрмін естен шығармай,
Күн сипатты, дала тектес даңқыңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу