Өлеңдер ✍️

  02.01.2022
  165


Автор: Үміт Шәріпова

Қиын екен...

Көңілім-ау, қайтесің күдік теріп,
Қуаныш та жоғалды күліп келіп.
Аппақ әлем алдымнан қарсы алғанда,
Жақсылықтан, шіркін-ай, үмітті едік.

Жоғалды ма тазалық қайда кеткен,
Сезім қайда шынайы жайдары еткен?
Самал да жоқ сол күнгі еркелеп кеп,
Сүйетұғын жүзімнен майда леппен.

Арман қолын бұлғайтын биік шыңнан,
Гүлім қайда әкелген жиып қырдан?
Ғашық жардың еліткен сезіміне,
Махаббатым бар еді тұнып тұрған.

Жалғандық-ай өмірдің сыйы ма екен,
Жүректен мұң кетпейді күйі бөтен.
Таба алдым ба білмеймін, о, дүние,
Бар нәрсені іздеген қиын екен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу