Өлеңдер ✍️

  02.01.2022
  179


Автор: Үміт Шәріпова

Жүрегім...

Аппақ екен, жарығым, жанымыз да,
Өлең екен таңдаған барымыз да.
Сүйіп тұрып мәпелеп жүрек гүлін,
Өсіріппіз аялап бағымызда.

Жүрек шіркін соғады үндесіп бір,
Жалғыздықпен ол дағы күн кешіп тұр.
Қарашықта іркілген көздің жасы,
Сүйетіні сағынып шын десіп тұр.

Іздеп едім бейнеңді табылмайды,
Мына жүрек ақылға бағынбайды.
Айдынында шарқ ұрған шағаладай,
Қарашығым қалайша сағынбайды?

Ризамын, түсінем, бағамдармын,
Әлі-ақ бізден білемін, тарар бар мұң.
Жер бетінде болғаны қандай жақсы,
Жүрегі бар өзіңдей адамдардың!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу