Өлеңдер ✍️

  01.12.2021
  406


Автор: Кәдірбек Құныпияұлы

ҚЫЗ НАЗЫ

Келіп те қалған күттірмей
күзді аңдамай шын,
Күлумен жүрміз (мұндайды
қыздар қалайтын)
Мұңлы бір әуен менімен сырлас боп
алды.
... звондамайсың.
Ел жаққа құстар қайтса да
есіңе алмайсың,
Іздемейсің түк, менімен
өші бардайсың.
Елесің келіп кей түндер есік қағады
...Несіне алдайсың?
Қалдым ба, қалың тобырда
Мен де еленбей шын?
Хас сұлуларға, түсінем,
тең де көрмейсің,
Елеңдеп жүрем есіктің қоңырауына
... Сен келердейсің.
Келіп те қалған күттірмей
күзді аңдасаңшы,
Бақытты өмірді басқадан
қызғанбасаңшы.
Көз ілмей жүрем алаңдап ақ телефонға,
...звондасаңшы!...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу