23.11.2021
  160


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

Көз жомарттығы

Қазақ халқы адам баласында көз жомарттығы, сөз жомартты- ғы, көңіл жомарттығы, қол жомарттығы, жол жомарттығы сынды бес жомарттық болу керек деп қараған.Сондай-ақ, көз жомарттығы жоқ


адамнан ешқашан жақсылық күтіп, ұлылық туады деп есептемеген, қайта, күллі жомарттық пен ізгілік көз жомарттығынан бастау алады деп есептеген. Бұл тəрбиеде əрбір ата-ана ұрпақтарына көз жомарт- тығын қалыптастыру үшін күллі адамзаттың табысын өз табысындай көру, иненің жасуындай ізгілік болса да «құтты болсын, қуаныш ұза- ғынан сүйіндірсін; жақсы екен, əдемі екен, құттықтаймын, жарасып- ты, сұлу екен, көркем екен, тамаша» деген сияқты жан жадыратып, көңіл жібітер жақсы сөздерге жомарт болып, намысқа тиетін, жанды жаралап, өштік қасиетін тудыратын жаман сөздерге сараң болып, əдеттегі аман-сəлемнен тартып, барша адам баласына жылы шырайлы мəміле жасау, жанашырлық, жақындық таныту, барша жақсылығына сүйініп, артықшылықтарына көз жұмбау, қызғаншақтық пен менмен- діктен аулақ, əрқашан кішіпейіл, əдепті, ибалы болу керек екенді- гін егжей-тегжейлі ұғындырып, қандай кезде де көз жомарттығынан ауытқымауға баулиды.


Көз жомарттығы адамдарды түрлі психикалық қысымнан аулақ қып, көңіл күйдің орнықтылығын сақтап, адамдар арасында достық сүйіспеншілік тудырады. Түрлі қайшылықтардан сақтап, қоғамдық қарым-қатынасты жақсартады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу