06.11.2021
  363


Автор: Ғибратты әңгімелер

Жамандыққа жақсылық жасаудың шегі қалай болмақ?

Бір күні бір топ сахаба пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) отырғанда пайғамбардан (с.ғ.с.) Хазіреті Әлиді не үшін қатты жақсы көретіндігін сұрайды. Әлемдердің Мырзасы (с.ғ.с.) Әлиді қасына шақыруға бұйырады. Біреу хазіреті Әлиді шақыруға кеткенде ол келгенге дейін пайғамбарымыз сахабаларынан мынандай сұрақ сұрайды:


«Достар, сендер біреуге жақсылық жасасаңдар, ал ол сендерге жамандық қылса не істер едіңдер?». Сахабалар бір ауыздан сонда да жақсылық істей беретіндерін айтты. Расулуллаһ қайтадан: «Ал ол кісі тағы да жамандық қылса ше?» – деп сұрады. Сахабалар тағы да жақсылық жасай беретіндерін айтты. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Тағы жамандық қылса не істейсіңдер?» – деп еді, бұл жолы сахабалар бастарын төмен қаратып жауап беруден бас тартты.



 


Сосын хазіреті Әли келді. Расулуллаһ сол сұрақты Әлиге қойып: «Сен біреуге жақсылық жасасаң, ал ол саған жамандық қылса не істер едің?» – деді. Әли (р.а.) жақсылықпен қайыратынын айтты. Пайғамбар дәл осы сұрақты 7 рет қойған еді, Әли бәрінде де: «Сонда да жақсылық жасауды жалғастырамын», – деп жауап берді.


Сосын сөзін жалғап: «Мен жақсылық жасаған сайын жамандық жасауын доғармаса, мен оған жақсылық қылуды бәрібір жалғастырамын», – деді.


Міне, Әли мұсылман бауырларын үнемі осындай қасиетке шақыратын. «Адамдардың ең жаманы – жақсылыққа жамандық жасағаны. Ал ең жақсысы – жамандыққа жақсылық қайтарғаны», – дейді ол.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу